ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Трансфер Әлем футболы

Әзірбайжандық ойыншы АПЛ-да ойнайды

Әзірбайжан құрамасының шабуылшысы Ренат Дадашов «Вулверхэмптонмен» 4 жылдық келісім-шартқа қол қойды. Дегенмен, 20 жастағы шабуылшы алдағы бір маусымды Португалияның «Пасуш де Феррейра» командасында жалда өткізеді. Негізі ойыншының өзі де Португалияның «Эшторил» ФК-нан ауысып келген.

Ағылшын клубының президенті Кевин Телуэллдің айтуынша, Дадашов өте талантты ойыншы және алдағы маусымды «Пасуш де Ферейрра» құрамында өткізуінің себебі, жас футболшыға одан әрі дамып, командаға мықтырақ болып келсін деген бағытта жасалып отыр.

Ренат — неміс футболының түлегі. Ол «Эшторил» сапын толықтырмай тұрып, «Айнтрахт» пен «РБ Лейпциг» командаларында доп тепкен. Тіпті, Германияның түрлі жастар құрамасына шақырту алып жүрген. Бірақ 2017 жылы өзінің тарихи отаны Әзірбайжан азаматтығын алды. Содан бастап, Әзірбайжан құрамасының жейдесінде өнер көрсетіп жүр.

Шыңғысхан Досмұхамедов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*