ALADOP.KZ
АПЛ Біздің клубтар Басты ақпарат Еуропа лигасы Трибуна Қазақстан

Еуропа лигасы: «Астана»- Манчестер Юнайтедті» ұтты

Камбэк!

«Астана»-«Манчестер Юнайтед» 2-1

Гол авторлары: Д. Лингард, 10 мин, — Д. Шомко, 55 мин, Бернард (автогол) 64 мин.

Еуропа лигасының L тобы аясындағы 5-турда «Астана» «Манчестер Юнайтедтен» 2:1 есебімен басым түсті.
Төреші ысқырығы шалынысымен манчестерлік футболшылар ойын тізгінін қолға алды. Допқа бақылау орнатып, ұдайы шабуылдаумен болған қонақ команда 10-минутта есеп ашты. Гол авторы команда капитаны — Джесси Лингард. «Астана» ойыншыларында таразы басын теңестіретін бірнеше мүмкіндік болғанымен соңғы сәтте дәлдік жетіспей жатты.
Ал екінші таймда Роман Григорчук шәкірттері ес жиып жүйелі ойын өрнегін көрсетті. Алдымен 55-минутта Дмитрий Шомко қарсылас қорғаушысының қателігін тиімді пайдаланып есепті теңестірді. Осыдан соң «Астана» футболшылары сенімді ойнай бастады. 62-минутта қарымта шабуыл кезінде Абзал Бейсебеков әуелете асырған доп қорғаушы Бернардқа тиіп қақпа торынан табылды. Матч соңына дейін сауатты қорғанған «Астана» топтағы алғашқы жеңісіне жетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*