ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Қазақстан Қазақстан премьер-лигасы

Адеринсола Эсеола «Қайраттың» үздік сұрмергендері қатарында

«Қайраттың» украиналық шабуылшысы
Адеринсола Эсеола клуб тарихындағы үздік сұрмергендер қатарына қосылды.
Дәлірек айтсақ, 28 жастағы ойыншы бұл тізімде 7-орында келе жатыр.

Адеринсола Эсеола «Қайрат» жейдесіндегі тұсаукесер матчын 2018 жылы 6 шілдеде «Ертіске» қарсы өткізген. Алғашқы голын да дәл сол ойында Никита Калмыков қақпасына соққан. Жалпы Эсеола Алматы клубы сапында 43 ойын өткізіп, 28 голдың авторы атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*