ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан Ұлттық құрама Әлем футболы

Қазақстан Армения құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы Армениямен келер жылы 30 наурызда Алматыда жолдастық кездесу өткізеді деп хабарлайды ҚФФ. Айта кетейік, құрамамыз көктемде тағы бір матч өткіздек. Әзірге қай құрамамен жолдастық кездесу өткізетіні анықталған жоқ.

Қазір Армения құрамасын 52 жастағы Абраам Хашманян баптайды. Еуро-2020 іріктеуінде армениялық футболшылар Италия, Финляндия, Грекия, Лихтенштейн, Босния және Герцоговинамен бір топта ойнап,10 ұпаймен 5-орын алды.
ФИФА рейтингінде 102 орында, ал Қазақстан құрамасы 118-сатыға жайғасқан.

Жалпы екі құрама бір-бірімен 7 рет кездескен. Армения 4 рет жеңсе, 2 матч тең аяқталған. Тек бір ойында біздің құрамамыз жеңіске жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 30 наурызда Ташкентте Өзбекстанмен кездеседі деген ақпарат шыққан-ды. Алайда екі тарап ортақ келісімге келе алмаған болатын.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*