ALADOP.KZ
Басты ақпарат Жарақат Ла Лига Әлем футболы

Азар Испания Суперкубогына қатыса алмайды

Белгиялық футболшы жарақатынан әлі айыға алар емес. Айта кетейік, Эден Азар 26 қарашада Чемпиондар лигасының 5-туры аясында «ПСЖ»-мен болған матчта жарақат алып, содан бері алаңға шыққан жоқ.

«Реал» шабуылшысы Эден Азар «галактикосқа» Испания Суперкубогы жолындағы таласта көмектесе алмайды деп хабарлайды Marca басылымы. Себебі, Азар жарақаты тек қаңтардың соңында ғана жазылып, жаттығу жұмыстарына сол кезде кіріседі.
Яғни, 8 қаңтарда «Валенсиямен» 12 қаңтарда өтетін финалдық матчқа қатыса алмайды. Сонымен қатар, Азар Ла Лигадағы «Хетафе» (4 қаңтар), «Севилья» (19 қаңтар), «Вальядолидпен» (26 қаңтар) болатын ойынға шықпайды.

Биылғы маусымда футболшы Испания чемпионатында 8 ойынға қатысып, бір гол салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*