ALADOP.KZ
А сериясы Ала доп аңыздары Басты ақпарат Ла Лига Лига 1 Әлем футболы

Бүгін «Алтын доп» иегері анықталады

Бүгін 2 желтоқсан күні France Football басылымы 2019 жылғы «Алтын доп» иегері анықтайды.

Аталған жүлдеден дәмелі футболшылар төмендегідей:
Садио Мане, Трент Александер-Арнольд, Алисон Бекер, Жоржиньо Вейналдум, Вирджил ван Дейк, Роберто Фирмино, Мұхаммед Салах (барлығы– «Ливерпуль»), Серхио Агуэро, Бернарду Силва, Рияд Марез, Кевин де Брёйне, Рақым Стерлинг (барлығы– «Манчестер Сити»), Френки де Йонг, Марк-Андре тер Штеген, Лионель Месси, Антуан Гризманн (барлығы – «Барселона»), Уго Льорис, Сон Хын Мин (екеуі де – «Тоттенхэм»), Душан Тадич, Донни ван де Бек (екеуі де – «Аякс»), Килиан Мбаппе, Маркиньос (екеуі де – «Пари Сен-Жермен»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал»), Криштиану Роналду, Маттейс де Лигт (екеуі де – «Ювентус»), Кәрім Бензема, Эден Азар (екеуі де– «Реал»), Роберт Левандовски («Бавария»), Калиду Кулибали («Наполи»), Жоау Фелиш («Атлетико»).
Айта кетейік, өткен жылы «Алтын допты» «Реал» жартылай қорғаушысы Лука Мадрич алған еді. Ол 10 жылға жалғасқан Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің гегемониясын тоқтатқан болатын.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*