ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Трансфер Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

«Барселона» Карлос Велаға ұсыныс жасапты

«Лос-Анджелес Гэлакси» шабуылшысы Карлос Вела «Барселона» қатарын толықтыруы мүмкін. Бұл туралы оның командалас әріптесі жартылай қорғаушы Хонатан Дос Сантос айтып отыр.

«Қазір Велаға «Барселондан» ұсыныс түсті. Алайда оның қандай шешім қабылдайтынын білмеймін. Бір білерім ол АҚШ-та өзін барлық жағынан жақсы сезінеді. Дәл қазір Карлос өз командасының арқасүйер капитаны, әрі үздік сұрмергендердің бірі. Бірақ «Барселона» сынды ТОП ұжымның сапында доп тебу керемет мүмкіндік. Карлос бұл ұсынысты қабыл алады деп сенемін»,— дейді Дос Сантос Fox Sport-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Карлос Вела биыл MLS-те 31 ойында 34 гол салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*