ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Сараптама Шолу Үздіктер Әлем футболы

«Барселона» жанкүйерлері Юрген Клопптың бас бапкер болғанын қалайды

Испанияның Mundo Deportivo спорттық газеті каталониялық жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізіпті. Басылым өкілдері респонденттен бас бапкер Эрнесто Вальверденің қызметінен кеткенін қалай ма, және оның орнына кімді көргісі келетінін сұраған.

Сауалнамаға қатысқандардың 80%-ы Вальверденің қызметінен кеткенін қалайды екен. Олар бұл шешімін команданың соңғы жылдардағы көрсеткішімен және сәтсіздіктерімен байланыстырыпты.

Ал сауалнама қорытындысы бойынша «блауграна» бапкері ретінде 33.6% адам Юрген Клоппты таңдапты. Екінші орынға 31.96% дауыс жинаған «Барселонаның» аңызға айналған ойыншысы Рональд Куман жайғасса, Каталонияның тумасы Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес 17.21% дауыс жинады.
Бір қызығы, кезінде бір жылда жүлде біткеннің бәрін алған Пеп Гвардиоланы қайта көргісі келетіндер саны 6.86% ғана.

Айта кетейік, Хосеп Гвардиола 2008-2012 жылдары «Барселона» бас бапкері болған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*