ALADOP.KZ
Басты ақпарат ФИФА Әлем футболы

Бельгия құрамасы Франциямен кездесуден неге бас тартты?

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдегі әлем чемпионының жартылай финалында Бельгия үш жолақты елдің құрамасына есе жіберген еді.

Франция құрамасы Еуро-2020 алдында жолдастық кездесу үшін қарсылас таба алар емес деп хабарлайды Get French Football News.

Келер жылдың наурыз айында жолдастық кездесу өткізу үшін Бельгия құрамасына да ұсыныс жасаған. Алайда Бельгия бас бапкер Роберто Мартинес бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартыпты.

Осы ретте бапкердің бұлай шешім қабылдауына екі жорамал бар. Біріншіден, Мартинес Франция құрамасынан есе қайтару үшін тыңғылықты дайындық жүргізіп жатса керек. Яғни, тактикалық тұрғыдан тосын сый жасағысы келеді. Екіншіден, рейтинг үшін. Егер екі құрама кездесіп Дидье Дешам шәкірттері жеңіске жетсе, Бельгия әлемдік рейтингтегі бірінші орыннан айырылып қалады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*