ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Трансфер ФИФА Әлем футболы

«Челси» қысқы трансферлік кезеңде ойыншы сатып ала алады

ФИФА-ның спорттық арбитражды соты (CAS) «Челсиге» қысқы трансферлік кезеңнен бастап ойыншы сатып алуға рұқсат берді. Естеріңізге сала кетейік, ағылшын клубына жыл басында заңсыз әрекеттері үшін 2 трансферлік ауысымға бан қойылған еді.

Сонымен қатар, CAS сайты хабарлағандай «Челси» төлейтін айыппұл мөлшері де екі есе қысқартылған. Енді Роман Абрамович командасы 273,4 мың еуро төлейді.

«Челси» қазір 15 турдан кейін 29 ұпаймен АПЛ-да 4-орынға келеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*