ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Трансфер Әлем футболы

Эрлинг Холандтың ойынын көру үшін 40 скаут келген

«Манчестер Юнайтед» басшылары «Зальцбург» сұрмергені Эрлинг Холандты сатып алғысы келеді. Sky Sports мәліметіне сүйенсек, «қызыл сойқандардың» скауты Марсель Боут Чемпиондар лигасы топтық кезең аясындағы соңғы турдағы «Зальцбург» пен «Ливерпуль» арасындағы ойынға барған.
Маманның басты мақсаты 19 жастағы норвегиялық футболшының ойынын бағалау. Сонымен қатар, ақпарат көзі дәл сол матчта Еуропаның өзге де клубтарынан 40-тан астам скауттың келгенін жазыпты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

1 пікір

Омар 14-Декабрь, 2019 at 11:49

Мәссаған шіркін біздің жігіттерге 40 емес 5,6 адам келсеғой, бір агенттің аузына қарамай

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*