ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Трибуна Әлем футболы

«Эспаньол» бас бапкер Пабло Мачинді қызметінен босатты


Бүгін «Эспаньол» клубы ресми сайтында бас бапкер Пабло Мачиннің қызметінен босатылғанын жариялады.
-«Басшылық клубтың нәтижелері мен ішкі біріншіліктегі жағдайын жақсарту үшін бас бапкер ауыстыруды жөн санап отыр»,-делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 44 жастаға маман «Эспаньол» бапкері болып биыл ғана 7 қазанда бекітілген еді. Сол кезде Пабло Давид Гальехоның орнына келген болатын.

Мачиннің жетекшілігімен Барселона ұжымы Ла Лигада бір рет қана жеңіске жетіп, 2 рет тең ойнап, 7 матчта ұтылған. Ал Еуропа лигасында топтық кезеңде 2 жеңіске жетіп, 1 ойын тең түсіп, 1 рет ұтылған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*