ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Басты ақпарат Ла Лига Рокордтар Әлем футболы

Лионель Месси «Алтын доп» жүлдесін 6-рет алды

Кеше Парижде France Football 2019 жылдың ең үздік ойыншыларын анықтады. Нәтижесінде аргентиналық шабуылшы Лионель Месси осымен алтыншы рет «Алтын доп» иегері атанды. Естеріңізге сала кетейік, Лео бұған дейін 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары үздік танылған-ды.

Ал дауыс берудің қорытындысы бойынша Вирджил ван Дейк — екінші, ал Криштиану Роналду — үшінші сатыға жайғасыпты.

Осылайша, «Барселона» сұрмергені «Алтын доп» жүдесін 5 рет жеңіп алған Криштиану Роналдуды басып озды. Сонымен қатар, тағы 3 ойыншы (марқұм Йохан Кройф, Марко ван Бастен, Мишель Платени) аталған марапатты 3 реттен алған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*