ALADOP.KZ
Басты ақпарат УЕФА Қазақстан Ұлттар лигасы Ұлттық құрама

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы «С» дивизионында 4-топқа түсті

Айта кетейік, 2020-2021 жылы өтетін Ұлттар лигасының жеребесі 2020 жылы 3 наурызда Нидерланд астанасы Амстердамда өтеді.

Әзірге командалар 4 девизион бойынша 4 себетке орналастырылды. Мәселен, «С» девизионы былай бөлінген:

Бірінші себет – Грекия, Албания, Черногория, Грузия;

Екінші себет – Македония, Косово, Беларусь, Кипр;

Үшінші себет – Эстония, Словения, Литва, Люксембург;

Төртінші себет – Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Молдова.

Аталған тізімді УЕФА атқару комитеті мақұлдады. Жеребе кезінде «С» девизионының 16 ұжымы тағы 4 топқа бөлінеді. «А», «В», «С» девизиондары 16, «Д» девизионы 7 құрамадан тұрады.

Есеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасы 2018 жылдан бастап өткі­зіліп келеді. Өткен жылы Қазақстан құра­масы «Д» дивизионында бірінші топта Грузия, Латвия, Андорра құрамаларымен сын­ға түсіп, алты ұпаймен екінші орын алған еді. Іріктеу кезеңі ойындары 2020 жылдың 3 қыркүйегі және 17 қарашасы аралығында өтеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*