ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сұхбат Үздіктер Әлем футболы

Луис Суарес: «Бұл мен соққан ең үздік гол» (видео)

«Барселона» сұрмергені Луис Суарес Ла Лиганың 16-турында «Мальорканы» қабылдап, 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Тайм түгесілер тұста уругвайлық сұрмерген Луис Суарес Френки де Йонг берген пастан кейін өкшесімен құйтырқы соққы жасап, есепті 4:1-ге жеткізді.

Шабуылшы матчтан кейін:

«Бұл менің карьерамдағы ең үздік гол. Дәл сол сәтте мен соққы жасауға қиын жерде тұрғанымды түсіндім. Өкшемен тебу мендегі бар аз мүмкіндіктің бірі болатын. Бас бапкер Вальверде маған гол салатын таза мүмкіндіктерді пайдаланбай, қиын сәтте гол соғып жүретінімді жиі айтады. Бұл жолы да айтқаны келді», -деді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*