ALADOP.KZ
АПЛ Біздің футболшылар Сұхбат Әлем футболы

Месут Озил ұйғырларға қарсы зорлық-зомбылықты сынағаны үшін Қытай телеарнасы «Арсеналдың» ойынын көрсетуден бас тартты

Қытайдың CCTV мемлекеттік телеарнасы бүгін АПЛ-дың 17-туры аясындағы «Арсенал» — «Манчестер Сити» арасындағы ойынды көрсетуден бас тартты деп хабарлайды Bloomberg.
Дәл осы матчтың орнына телеарна АПЛ-дағы «Вулверхэмптон» мен «Тоттенхэм» кездесуі аяқталған соң қайта көрсетпек.

CCTV-ның бұл шешіміне жуырда ғана «Арсенала» жартылай қорғаушысы Месута Озилдің әлеуметтік желідегі Қытайдағы ұйғырларға жасалып жатқан зорлық-зомбылыққа, ал бұл әрекетке мұсылмандардың бей-жай қарауына қатысты жазбасы болуы әбден мүмкін.

View this post on Instagram

#HayırlıCumalarDoğuTürkistan 🤲🏻

A post shared by Mesut Özil (@m10_official) on

«Олар (Қытай) Құранды өртеп, мешіттер мен мектептерді жауып жатыр. Ер азаматтарды арнайы лагерге тоғытып, әйелдерді қытай азаматтарымен мәжбүрлеп қосуда.
Алайда осы жайттарды көре тұра мұсылмандар бей-жай отыр. Олар әлі ешқандай жауап та берген жоқ»-
деп жазды футболшы инстаграм мен твиттер парақшасына.

Осыдан кейін «Арсенал» клубы Weibo (Қытайдағы Facebook пен Twitter-дің баламасы саналатын ең ірі әлем желінің бірі. Қолданушылар саны — 500 млн.) парақшасында ресми мәлімдеме жасады.
Біз Месут Озилдің жазбасына тек футболшының жеке өз ойы екенін айтқымыз келеді. «Арсенал» спорттық ұйым ретінде ешқандай саяси шешімдерге араласпайды»,— делінген.

«Арсенал» алдын алуға асықты!

Негізі ағылшын ұжымының аталған жайтқа қатысты бірден ресми мәлімдеме жасап, үн қатуы тегіннен-тегін емес. Себебі, «Арсеналдың» Қытайда өз демеушілері жетерлік. Сондай-ақ, клуб Қытайда фаст-фуд желісін ашып, бизнесін жолға қоюға ниетті. Дәл сол клубтың Weibo-дағы парақшасында 5 млн-нан астам оқырманы бар.
Бір жағынан дәл осындай жағдайдың салдарынан NBA (Ұлттық баскетбол лигасы) 4 млрд. доллардан айырылған болатын. Ол кезде  «Хьюстон Рокетс» командасының бас менеджері Дэрил Мори Гонконгтағы көтерілісшілерді қолдайтынын жеткізіп, твиттерде пост жариялаған. Нәтижесінде Мори жазбасын өшіргеніне қарамастан лиганың қытайлық демеушілері ары қарайғы әріптестіктен бас тартқан-ды.

Қазір Қытайдың Шыңжаң аймағында 10 млн-ға жуық ұйғыр тұрады.
Айта кетейік, 2018 жылы қыркүйекте
Humans Rights Watch (адам құқықтарының сақталуын қадағалайтын мемлекеттік емес ұйым) өз есебінде Қытайда мұсылмандарға зорлық-зомбылық жасалып, қайта тәрбиелеу лагерлеріне, түрмелерге қамалып жатқанын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, бұл тақырыпты Washington Post газеті де көтерген болатын. БҰҰ мәліметінше, Қытайда 1 млн-ға жуық ұйғыр лагерге қамалған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*