ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Сұхбат Әлем футболы

Педро: «Қазір өзге клубтардан ұсыныс түсіп жатыр»

«Челси» шабуылшысы Педро Родригес алдағы жоспарлары мен клуб ауыстыру жөніндегі ұсыныстар жайында айтты.

-«Челсимен» арадағы келісім шартым аяқталуға жақын.Әзірге клуб жаңа келісім шарт ұсынған жоқ. Сондықтан біршама уақыттан кейін еркін агент атануым мүмкін. Дегенмен қазірдің өзінде өзге клубтардан ұсыныс түсіп жатыр. Шынымды айтсам, бұл мен үшін үлкен мәртебе. Әлі бірнеше жыл доп теуіп, карьерамды аяқтағым келеді», — дейді сұрмерген.

Сонымен қатар, клубтың қазіргі жай-күйі жайлы:

-«Биыл клуб үшін қиын кезеңдердің бірі болы тұр. Себебі, біз жаңа ойыншылар сатып ала алмай, жастарға сенім арттық. Нәтижесінде көрсеткішіміз жаман емес»,-деді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*