ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Үздіктер Әлем футболы

Сон Хын Мин Азияның үздік ойыншысы атанды

«Тоттенхэм» шабуылшысы Сон Хын Мин Азияның өзге құрлықта өнер көрсететін ең үздік футболшысы атанды деп хабарлайды Азия футбол конференциясының ресми сайты.

Ойыншы аталған марапатқа осымен үшінші рет қол жеткізіп отыр. Бұған дейін Сон 2015 және 2017 жылдары осы жүлдеге ие болған.

Айта кетейік, оңтүстік кореялық футболшы «Тоттенхэм» сапына 2015 жылы Ливеркузеннің «Бейерінен» ауысқан еді. Трансфер құны — 30 млн. еуро. Биыл АПЛ-да 12 матчқа қатысып, 4 голдың авторы атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*