ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Трибуна

Сонның жолын қара мысық кесіп өтті ме?

Футбол туралы алғашқы мақалам «Тоттенхэмдік» шабуылшы Сон Хын Мин туралы болмақ. Сонның жолын қара мысық кесіп өтті ме? Иә расындада Лондондық шабуылшының ағымдағы маусымда жолы болар емес. Олай деуіміздің басты себебі соңғы өткізген Лондондық «Челсиге» қарсы дербиде Антонио Рюдигерге қарсы ойын тәртібін бұзып, 62-ші минутта алаңнан қуылған болатын. Бұл қызыл қағаз кәріс шабуылшысының осы маусымдағы екінші қызыл қағазы болып отыр. Бұған дейін ағылшын премьер лигасының 12-ші турында Андре Гомешке қарсы дөрекі ойыны үшін төреші алаңнан қуған болатын. Дәл​ ойында 27 жасар шабуылшы тек ойын тәртібін бұзып қана қоймай португалдық жартылай қорғаушыны ауыр жарақатқа дейін жеткізді. Осы оқиғадан кейін «Тоттенхэмдік» ойыншы 3-ші матчқа дисквалификация алды. Айта кетерлік жайт Сон Хын Мин АПЛ тарихында жыл күнтізбесінде 3 бірдей қызыл қағаз алған екінші ойыншы атанып отыр. Бұған дейін дәл осындай антирекордың иесі «Коветрен Ситидің» ойыншысы Дион Дублин 1997 жылы атанған болған.

Бірақ бұл көрсеткіштер Сонның ойынына кедергі келтіріп жүрген жоқ. Осы маусымда Сон Хын Мин 23 ойында өнер көрсетіп 10 гол соғып және 9 нәтижелі пас берді. Ағымдағы маусымда қиын жағдайда тұрған Тоттенхэмді тығырықтан шығарып жүрген ойыншылардың бірі. Сонымен қатар Оңтүстік Кореядағы жылдың 4-ші рет үздік ойыншысы, Азиядағы жылдың үздік ойыншысы сынды ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Бүгінде кәріс шабуылшысына қызығып отырған клубтар баршылық. ПСЖ, «Ювентус», «Наполи» сынды клубтар 27 жасар шабуылшыны өз құрамасынан көргісі келеді. Transfer басылымы бұл аталмыш ойыншының құнын 91 млн. еуроға бағалап отыр. Қазіргі трансфер терезесіндегі бағалармен салыстырғанда бұл бағаға Сон әбден лайықты. Себебі, қапталда да орталық шабуылшы позициясында да қос аяқпен соққы бағыттай білетін әмбебап ойыншылардың бірі.

Лондондық ұжымның қазіргі бапкері Жозе Моуриньо Сон Хын Мин туралы:»Менің ұлым Сонды — Соналду деп атайды» — деп пікір қалдырды.

Шерхан Абзалұлы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*