ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Премьер-лига Сараптама Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: жаңарған көрсеткіштер мен қызықты статистика

Осымен футболдан ҚПЛ-дің 28-маусымы өз мәресіне жетті.
Биылғы маусым алдыңғы жылдармен салыстырғанда кейбір көрсеткіштер бойыншы әлдеқайда нәтижелі болды.
Бұл сөзіме мына статистикалық көрсеткіштер дәлел.

Біріншіден, осы маусымда алдыңғы 5 жылмен салыстырғанда ең көп гол соғылды.
2015 жылы — 418 (7);
2016 жылы — 471 (6);
2017 жылы — 488 (16);
2018 жылы — 466 (14);
2019 жылы — 513 (9);
Жақша ішінде автогол көрсетілген.

Екіншіден, 2019 жылы бұрнағы 4 маусыммен салыстырғанда ең көп дубль тіркелді.
2016 жылы — 37 дубль, 3 хет-трик;
2017 жылы — 29 дубль, 6 хет-трик;
2018 жылы — 31 дубль, 5 хет-трик;
2019 жылы — 40 дубль, 4 хет-трик, 1 покер;

Осы орайда айта кетейік, ел біріншілігінде араға 9 жыл салып покер жасалды. 2010 жылы «Жетісу» ойыншысы Данило Бекич «Ақжайық» қақпасына 4 гол тоғытса, 31-турда Марин Томасов «Ақтөбе» қақпасынан 4 рет саңылау тауып, аталған көрсеткішке түзету енгізді. Жалпы Қазақстан чемпионатында покер авторы атанған футболшылар саны 5-еу.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*