ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Сұхбат Әлем футболы

Тибо Куртуа: «Кейлора Навастың кеткені маған сеп болды»

«Реал Мадрид» қақпашысы Тибо Куртуа Marca газетіне берген сұхбатында бұрынғы әріптесі Кейлор Навас жайлы пікірімен бөлісті.

Болып жатқан оқиғалардың барлығын қалыпты құбылыс ретінде қабылдаймын. Біз Кейлор екеуміз әріптес ретінде бір-бірімізді жақсы қолдайтынын едік. Алайда оның ПСЖ сапына ауысуы маған қатты көмектесті. Мен бұл ойымды жасырмаймын. Себебі, екеуміз де қақпашымыз. Арамызда бәсекелестіктің болуы заңды. Қазір енді Альфонс Ареоламен негізгі құрамдағы орын үшін таласып жүрмін. Ол да шебер қақпашының бірі. Сондықтан мен өзіме биік талап қоямын. Дегенмен қазір командада қай қақпашы мықты деген талас саябырлады»,- дейді бельгиялық футболшы.

Айта кетейік, Тибо Куртуа биылғы маусымда Ла Лигада 15 матч өткізіп, 9 гол өткізіп алған. Сондай-ақ, 8 ойында қақпасына гол жібермеген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*