ALADOP.KZ
А сериясы Басты ақпарат Трансфер Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

Златан Ибрагимович бұрынғы командасына ауыспақ

Айта кетейік, 38 жастағы футболшы «Лос-Анджелес Гэлакси» сапына ауысқанға дейін «Мальме», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Милан», «Барселона», «ПСЖ» мен «Манчестер Юнайтед» сынды ұжымдар сапында өнер көрсеткен.

Осы айдың соңында Златан мен «Лос-Анджелес Гэлакси» арасындағы келісім-шарт аяқталады. Британдық The Telegraph басылымының мәліметіне сенсек, Ибрагимович жаңа жылдан бастап «Милан» сапына қайта оралуы бек мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, футболшы 2010-2012 жылдар аралығында Италия ұжымында доп тепкен-ді. Аталған ақпарат көзінің мәліметінше екі тарап келісім-шарт жайын талқылап та үлгерген. «Россонери» Златтанның трансферін 15 желтоқсан клубтың 12 жылдық мерейтойы қарсаңында жариялауды жоспарлап отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*