ALADOP.KZ
Басты ақпарат Рокордтар Әлем футболы

15 жастағы бразилиялық шабуылшы Неймардың рекордын бұзды

«Освальдо» командасының шабуылшысы Пабло Хуан «ПСЖ» сұрмергені Неймардың рекордын жаңартты деп хабарлайды Globo Esporte.
Пабло Сан-Паулу Жастар Кубогында 3 қаңтарда «Понте Претамен» болған кездесуге қатысып, турнир тарихындағы ең жас футболшы атанды.(15 жас 3 ай 24 күн).
Ал кезінде 2008 жылы «Сантос» сапында Неймар 15 жас 11 айында алаңға шыққан еді.

«Сан-Паулу Кубогында өнер көрсету менің бала күнгі арманым еді. Себебі, бұл мықты ұжымдар жіті бақылайтын белді турнирдің бірі»,-дейді Хуан.

Ал «Освальдо» мен «Понте Прета» арасындағы матчта Хуанның командасы 1:5-пен ойсырай ұтылды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*