ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трансфер Қазақстан премьер-лигасы

Абат Айымбетов ҚПЛ-де қалатын болды

Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов жақын күндері «Қайрат» сапына ауысады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Абат ҚПЛ-де 16 доппен қазақ футболшылары арасында ең көп гол салған футболшы атанған еді. Біріншілік қорытындысы бойынша «Ақтөбе» бірінші лигаға түсіп қалған соң шабуылшы клуб ауыстыруды жөн көрген.

24 жастағы ойыншыны «Астана» мен қатар бірнеше отандық ұжым өз сапына қоспақ болған-ды. Алайда шабуылшы Алматы командасына қосылуды жөн көріпті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*