ALADOP.KZ
Басты ақпарат Бундеслига Трансфер Әлем футболы

Александер Нюбель «Бавария» ойыншысы атанды

«Бавария» ресми сайтында «Шальке» қақпашысы Александер Нюбельмен келісім-шартқа қол қойғанын хабарлады. Ол Мюнхен ұжымына 1 шілдеден бастап қосылады. Екі жақты еңбек келісім-шарты 5 жылға жарамды.

Айта кетейік, сәл ертеректе Нюбель «Шалькемен» келісім-шарт ұзартудан бас тартқан еді. Енді футболшы «Баварияға» еркін агент ретенде қосылады.

Нюбель негізі «Падерборн» футболының түлегі. «Шальке» оны 2015 жылы 600 мың еуроға сатып алған болатын. Биыл қақпашы Бундеслигада 15 матч өткізген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*