ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Лига 1 Әлем футболы

Альваро Негредо ойынның 6-секундында гол салды (видео)

«Аль-Наср» командасының шабуылшысы Альваро Негредо футбол тарихындағы ең жылдам соғылған голдың бірін салды. Испаниялық сұрмерген небәрі ойынның 6-секундында допты торда тулатты.

https://twitter.com/i/status/1218315060860399617

БАӘ Кубогінің финалы 2:1 есебімен «Аль-Насрдың» жеңісімен аяқталды.

34 жастағы сұрмерген 2018 жылдан бері «Аль-Наср» жейдесінде өнер көрсетеді. Бұған дейін «Бешикташ», «Мидлсбро», «Манчестер Сити», «Валенсия», «Севилья», «Реал», «Альмерия» және «Райо Вальекано» сапында ойнаған. Ал Испания құрамасы үшін 21 ойын өткізіп, 10 голдың авторы атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*