ALADOP.KZ
Бас бапкер Басты ақпарат Сұхбат Үздіктер Әлем футболы

Андрес Иньеста: «Барселонаның» бұл қылығы дұрыс емес. Вальвердені неге сыйламайды?»

«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста Onda Cero-ға берген сұхбатында клуб бас бапкері ретінде Хави келуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты өз пікірін білдіріпті.

Егер бәрі БАҚ өкілдері айтып жүргендей болса «Барселона» басшылығының бұл қылығы дұрыс болмады. Бас бапкерді құрметтеу керек емес пе?! Өкінішті. Бұндай қадамнан кейін бапкер сенімділігін жоғалтын алуы ықтимал. «Барса» мен үшін өте жақын ұжым. Сондықтан мен де оның мәселелеріне бей-жай қарай алмаймын. Ал Хави мен Куманға келер болсақ, бұл тек өздеріне қатысты сауал»,-дейді «Виссел Кобе» ойыншысы.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*