ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Трибуна Әлем футболы

Артуро Видальдің өтемақы туралы шағымын кері қайтарды

Испания футболшылары ассоциациясының біріккен комиссиясы «Барселона» жартылай қорғаушысы Артуро Видальдің өтемақы өндіріп алу туралы ұсынысын кері қайтарды деп хабарлайды Cadena SER радиосы. Істі қараған комиссия Каталон ұжымы тарапынан ешқандай заң бұзушылық фактілері орын алмағанын анықтапты.
Дегенмен футболшы райынан қайтпай өтемақыны өндіріп алғысы келсе, азаматтық сотқа шағым түсіре алады.

Естеріңізге сала кетейік, чилилік футболшы клуб келісім-шартта көрсетілген 2,4 млн еуро сыйақыны бермеді деп шағымданған еді. Осы ақпараттан соң «Барселона» бұл айыптаудың еш негізсіз екенін мәлімдеген болатын.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*