ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан Ұлттық құрама

Қазақстан құрамасы Литвамен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы наурыз айында Алматыда екі бірдей жолдастық кездесу өткізеді деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.
Ертеректе Михал Билек шәкірттерінің Армения футболшыларымен ойнайтыны белгілі болған. Ал санаулы сәттер бұрын ғана екінші қарсыласымыз да анықталды. Сонымен 27 наурызда Литвамен, араға 3 күн салып Армения құрамасымен кездеседі.

Литва құрамасын 52 жастағы маман Вальдас Урбонас баптайды. ФИФА рейтингінде 131-орынға жайғасқан.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*