ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

«Барселона» тағы бір қорғаушы сатып алды

«Барселона» Бразилияның «Коритиба» командасының қорғаушысы Ян Коутоны сатып алады. Бұл туралы Sport.es басылымы хабарлайды. Аталған ақпарат көзіне сенсек, Каталон ұжымы Бразилия жастар құрамасының ойыншысы үшін 5 млн. еуро төлейді.

Дегенмен 2020 жылдың маусымына дейін қорғаушы қазіргі командасында қала береді. Ал жазда 18-ге толған соң, Испания ұжымына ауысады.

Осы арқылы «Барселона» ФИФА тарапынан кәмілет жасқа толмаған ойыншыны сатып алу туралы заң бұзушылықтың алдын алмақ. Айта кетейік, өткен жылы «Челси» дәл осы заң бұзушылық үшін трансферлік бан алған еді.

Ян 2019 жылы Бразилия құрамасымен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*