ALADOP.KZ
Бас бапкер Басты ақпарат Ла Лига Әлем футболы

«Барселона» «тики-такаға» қайта орала ма?

Opta статистикалық порталы «Барселона» мен «Гранада» матчына қатысты қызықты дерекпен бөлісті. «Камп Ноудағы» ойында Кике Сетьен шәкірттері бас-аяғы 1005 пас берген. Оның 921-і тура пас. Ал қонақтар 205 рет бір-бірімен доп алмасқан.
Яғни, матч кезінде алаң қожайындары 83% допқа иелік еткен.

«Барселона» ойыншыларының бір-біріне берген пасы.

Енді 2005-2006 жылдан бері «Барселона» жоғарыдағы межені тек 2 рет қана бағындырған екен. Алдымен Хосеп Гвардиола, сосын Тито Виланова баптаған кезде қарсыласқа доп бермеген еді.
Осы матчтан кейін Испанияда «Барселона» бұрынғы ойын мәнеріне қайта оралуы мүмкін екендігі жиі айтылып жүр.
Кике Сетьен «Бетисті» баптаған кезде Ла Лиганың 2017-2018 жылғы маусымында орта есеппен 62.5% допқа бақылау жасаған екен. Осылайша, «Бетис» 2005-2006 жылы «Барсаның» көрсеткішінен кейін 2-сатыға жайғасқан-ды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*