ALADOP.KZ
Бас бапкер Басты ақпарат Ла Лига Трибуна Шолу

«Барселона» жаңа бапкердің есімін атады

Бүгін «Барселона» ресми сайтында Эрнесто Вальверденің қызметінен кеткенін хабарлады. 55 жастағы маман Каталония ұжымына 2017 жылы келіп, осы аралықта 2 рет Ла Лигада топ жарып, Испания Кубогі мен Суперкубогін иеленген-ді.

Енді блаугрананы Кике Сетьен баптайды. 61 жастағы маманмен еңбек келісім-шарты 2022 жылға дейін жарамды.

Сетьен 2017 жылдан бері «Бетис» командасын жаттықтырған. Сонымен қатар, «Расинг», «Полидепортиво», Экваториальды Гвинея құрамасын, «Луго», «Лас-Пальмас» ұжымдарын жаттықтырған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*