ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Трансфер Қазақстан премьер-лигасы

Боян Санкович «Ертіс» сапын толықтырды

Павлодардың «Ертіс» командасы санаулы сәттер бұрын ғана черногориялық жартылай қорғаушы Боян Санковичті сатып алғанан хабарлады.  

Айта кетейік, 26 жастағы футболшы осы уақытқа дейін Венгрия жоғарғы лигасында Будапешттің «Уйпешт» клубында ойнап, ұжым қатарында 2013 жылдан бері 163 матчқа қатысып, 4 гол салған. Еуропа Лигасының іріктеу кезеңдерінде 9 рет алаңға шығып, 1 голдың авторы атанған.

Боян черногориялық болғанымен, Хорватияның Книн қаласында дүниеге келген. Карьерасын Черногория астанасы Подгорица қаласының намысын қорғайтын «Младост» сапында бастапты.

Өткен маусымда жартылай қорғаушы Венгрия чемпионатында 16 матчқа қатысқан. «Уйпешт» қатарында үш мәрте ел Кубогының финалисі және екі мәрте жеңімпазы.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*