ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Трансфер Әлем футболы

«Бока Хуниорс» президенті: «Кінәлілерді тауып жазалаймыз!»

«Бока Хуниорс» командасының жаңа президенті Хорхе Амор Амеаль клуб басшылығының жұмысына қатысты сын айтты деп хабарлайды ilposticipo.it. Себебі, осы жазда 18 жастағы қорғаушы Сантьяго Рамос Минго еркін агент атанып, «Барселонамен» келісім-шартқа қол қояды.

-«Сантьягоның енді 6 айдан кейін еркін агент атанатынына сену қиын. Біз клуб ішінде және сыртында да бұған жауапты адамды іздейтін боламыз. Себебі, дәл осындай сәтті назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені, онымен келісім-шарт жасамаған бір адам болуы керек қой. Кез келген ойыншы өздігінен Испанияға аттанып,»Барселонамен» келісім-шартқа қол қоя салмайды. Арнайы комиссия құрып, кінәлілерді анықтаймыз»,-дейді клуб басшысы.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*