ALADOP.KZ
Бас бапкер Басты ақпарат Рокордтар Эредивизи Әлем футболы

Дик Адвокаат Голландияда 50 жыл жұмыс істеген тұңғыш бапкер

Голландия чемпионатының 19-турында «Фейеноорд» өз алаңында «Херенвенді» қабылдап, (3:1) жеңіске жетті.

Бұл «Фейеноорд» үшін 2020 жылғы алғашқы ресми матч. Ал бас бапкер Дик Адвокааттың Эредивизиде жаттықтырушы ретінде жұмыс істеп жүргеніне 50 жыл толды.

Естеріңізге сала кетейік, Дик 1980-жылдары «Харлем» командасының тізгінін қолға алса, 1990-жылдары «ПСВ» жаттықтырушылар қосынында болған. Сонымен қатар, 2000 жылы «АЗ Алкмар», 2010-жылдары тағыда «ПСВ», «АЗ Алкмар» және «Спарта» (Роттердам), «Утрехтты» баптаған. Қазір ұзақ жылдан бері «Фейеноордта» тер төгіп келеді.

Айта кетейік, 2018-2019 маусымда «Фейеноорд» Нидерланды біріншілігінде 3-орын алды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*