ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Әлем футболы

Дженк Тосун АПЛ-да 10-нан артық гол соққан 4-түрік футболшысы

«Кристал Пэлас» шабуылшысы Дженк Тосун Ағылшын премьер-лигасы тарихында 10-нан астам гол салған төртінші түрік футболшысы.

29 жастағы ойыншы АПЛ-дың 23-турында «Манчестер Сити» қақпасынан саңылау тапқан еді. Матч 2:2 есебімен тең аяқталған.

Тұманды альбиондағы үздік түрік футболшылары:

Мустафа Иззет – 34 гол
Тунджай Шанлы – 20 гол
Дженк Тосун – 10 гол
Тугай Керимоглу – 10 гол

Тосун қаңтарда «Эвертон» сапынан «Кристал Пэласқа» ауысқан-ды. Негізі карьерасын 2008 жылы «Айнтрахт» ойыншысы ретінде бастаған. Ал 2011 жылы Түркияға қоныс аударып, 6 жыл ішінде «Газиантепспор» мен «Бешикташ» жейдесінде доп тепті. 2018 жылы «Эвертон» 22,5 млн. еуроға сатып алған болатын.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*