ALADOP.KZ
Бас бапкер Басты ақпарат Ла Лига Сұхбат Әлем футболы

Хосеп Гвардиола: «Эрнесто Вальверденің қазіргі күйі аянышты. Негізі ол бұған лайық емес еді»

Хосеп Гвардиола «Барселона» жаттықтырушысы Эрнесто Вальверденің қазіргі жағдайына қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды Marca.
Барселона» үнемі жоғары нәтижені талап ететін ұжым. Сондықтан тек Испания чемпионы болу жеткіліксіз. Мен қазір Эрнестоны аяймын. Ол бұндай қысымға лайықты емес маман. Қазіргі түйткіл тезірек шешілсе екен деп тілеймін»,- дейді «Манчестер Сити» бас бапкері.

Айта кетейік, қазір Эрнесто Вальверденің орнын «Аль-Садд» бапкері Хави немесе Голландия құрамасының жаттықтырушысы Рональд Куман басуы мүмкін деген мәлімет бар. Сондай-ақ, осы аралықта Кике Сетьен («Бетис»), Габриэль Милито («Эстудиантес»), Хави Гарсия Пимьентенің («Барселона» жастар командасы) есімі де аталып жүр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*