ALADOP.KZ
Басты ақпарат Бундеслига Үздіктер Әлем футболы

Эрлинг Холанд екі матчта 5 гол салды (видео)

«Боруссия Дортмунд» шабуылшысы Эрлинг Холанд Бундеслига тарихында 2 ойында 5 гол тоғытқан тұңғыш футболшы атанды. Ол Германия чемпионатының 19-турында «Кёльн» қақпасына дубль жасады. Бір қызығы Холандқа екі гол салу үшін небәрі 10 минут қана жеткілікті болды.

Бірінші голы.
Екінші голы.

Естеріңізге сала кетейік, 18-турда «Аусбургпен» болған алғашқы матчында Холанд хет-трик жасаған еді. Жалпы Холанд екі ойында 56 минут ойнап, 5 голдың авторы атанып отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*