ALADOP.KZ
АПЛ Бас бапкер Басты ақпарат Сұхбат Әлем футболы

Юрген Клопп: «Біз Фергюсон кезіндегі «Манчестер Юнайтедтің» деңгейіне жете алмаймыз»

«Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопп АПЛ-дың 23-туры аясында «Манчестер Юнайтедпен» болатын матч алдында екі команда арасындағы айырмашылық туралы айтты деп хабарлайды Goal.

-«Шынымды айтсам, біз АПЛ-да Фергюсон кезіндегі «Манчестер Юнайтед» секілді басымдыққа ие бола алмаймыз деп ойлаймын. Өйткені, қазір клубтар қаржылық әлеуетін арттыру үшін жоғары орын алғысы келеді. Сол мақсатта барынша мықты ойыншыларды сатып алып жатыр. Дәл қазіргідей құрамы бар ұжымдар арасында дара шығып, көш басшылық ету мүмкіндігі өте төмен. Бұндай басымдыққа соңғы рет «МЮ» ие болып еді»,— дейді «Ливерпуль» бас бапкері.

«Ливерпуль» — «Манчестер Юнайтед» арасындағы кездесу ертең «Энфилдте» өтеді. Турнир кестесінде «Ливерпуль» 21 ойыннан кейін 61 ұпай жинап, бірінші орында тұрса, «Манчестер Юнайтед» (34 ұпай) бесінші сатыда.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*