ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Әлем футболы

Кепа Аррисабалага АПЛ-да соққы тойтарудан ең нашар қақпашы

Кепа Аррисабалага Ағылшын премьер-лигасында қақпаға ұшқан допты қайтару көрсеткіші бойынша ең нашар қақпашының бірі. Бұл туралы Utd Arena порталы хабарлайды. Аталған ақпарат көзінің есептеуінше Кепа «Челси» қақпасына тура ұшқан барлық соққының 55.4% дарытпаған. Яғни, екі соққының бірі торда тулаған. Бұл Ағылшын біріншілігіндегі ең төмен нәтиже.
Ал Еуропаның белді 7 чемпионатын қоса есептегенде 132 қақпашының ішінде 127-орынға ие.

Айта кетейік, биылғы маусымда Аррисабалага АПЛ-да 22 ойынға қатысып, 29 доп жіберіп алған.

Испаниялық қақпашы мен «Челси» арқасындағы келісім-шарт 2025 жылға дейін жарамды.
Лондон ұжымы 2018 жылы «Атлетик» командасынан 80 млн. еуроға сатып алған еді. Қазір Кепа әлемдегі трансфері ең қымбат қақпашы.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*