ALADOP.KZ
Біздің клубтар Бас бапкер Басты ақпарат Еуропа лигасы Ұлттық құрама

Михал Билек – «Астананың» жаңа бас бапкері атанды

Қазақстан құрамасында қызмет атқарған чех маманы Михал Билек «Астана» футбол клубының бас бапкері атанды.

Михал біздің Ұлттық құрамадан бөлек, Чехияда «Теплице», «Хмел», «Виктория» (Пльзень), «Спарта» (Прага), «Высочина», «Фастав» клубтарын және Чехия Ұлттық құрамасы мен жастар құрамасында бапкерлік қызмет атқарған. Сонымен қоса Коста-Риканың «Картахинес», Словакияның «Ружомбероке», Грузияның «Динамо» (Тбилиси) клубтарында қызмет еткен.

Чехия Ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының ширек финалына шығып, Чехияның жасөспірімдер құрамасымен ЕУРО-да қола жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ, «Спарта» командасымен ел чемпионатында топ жарып, кубокты жеңіп алған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*