ALADOP.KZ
Басты ақпарат Бундеслига Ла Лига Трансфер Ұзынқұлақтан мәлімет

Пако Алькасер «Валенсияға» оралғысы келеді

«Боруссия Дортмунд» шабуылшысы
Пако Алькасер Испанияның «Валенсия» командасына оралуы мүмкін деп хабарлайды Marca.

Басылым таратқан ақпаратқа сенсек, 26 жастағы ойыншы Германиядан қоныс аударғысы келетін көрінеді. Дегенмен дәл қазір «Валенсияның» Паконы сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Алайда маусым соңына дейін міндетті сатып алу құқығымен жалға алуға әзір.

Егер Алькасера қайтып келсе, «Валенсия» шабуылшылардың бірін сатады деген сөз. Бұл я Рубен Сориано немесе Кевин Гамейро болуы ықтимал.

Айта кетейік, Алькасер «Валенсия» ФК-ның түлегі. 2010-2016 жылдары осы командада өнер көрсеткен. Сосын 2 маусым «Барселонада» ойнап, 2018 жылы «Боруссия» (Дортмунд) сапын толықтырды.
Биылғы маусымда Пако Бундеслигада 11 матч өткізіп, 5 гол салған және 1 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*