ALADOP.KZ
Басты ақпарат Бундеслига Ла Лига Трансфер Әлем футболы

«Реал» Тимо Вернерді сатып алғысы келеді

Галактикос Германия құрамасы мен «Лейпциг» ойыншысы Тимо Вернерді өз қатарына қосудан ниетті. Sky Sports in Germany мәліметінше, жазда шабуылшының құны 30-60 млн. еуро аралығында болмақ.

Сонымен қатар, ертеректе Мюнхеннің «Бавариясы» футболшыға қызығушылық танытқан-ды.
Айта кетейік, Тимо Вернер биыл Бундеслигада «Лейпциг» сапында 17 матчқа қатысып, 18 гол салған және 6 рет нәтижелі пас берген. Келісім-шарты 2023 жылға дейін жарамды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*