ALADOP.KZ
Бас бапкер Басты ақпарат Қазақстан премьер-лигасы

Роман Григорчук «Астана» бас бапкері қызметінен кетті

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдейді.
Естеріңізге сала кетейік, украиналық маман 2018 жылы жазда қызметіне кірісіп, жыл соңына қарай отбасылық жағдайына байланысты клуб сапынан кеткен еді. Кейін 2019 жылдың қаңтар айында өз жұмысына қайта оралған.

Өткен маусымда ҚПЛ-де чемпион атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққанына қарамастан басшылық жаңа бапкер тағайындауды жөн көріпті.
Сонымен қатар, клуб сапынан бас бапкердің ассистенті Михаил Савка, мен Анатолий Коротя және қақпашылар жаттықтырушысы Андрей Глущенко да кетті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*