ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Басты ақпарат Ла Лига Сұхбат Үздіктер Әлем футболы

Роналдиньо: «90% «МЮ» ойыншысы атанып тұрған кезде, Россельдің бір қоңырауы бәрін өзгертті»

Төрткүл дүниені өз ойынымен тамсандарған бразилиялық Роналдиньоның футболдағы карьерасын аяқтағанына биыл екі жыл толып отыр. Роналдиньо өз мансабында қайталанбас голдарымен, құйтырқы финттарымен, ғажайып ойынымен миллиондаған аяқ доп жанкүйерлерінің жүрегіне жол таба білді.

«Барселона» ойыншысы бола тұра королдік клубтың алаңы «Саньтяго Бернабеуде» қарсылас жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленгені әлі күнге көз алдымызда. Бразилиялық футбол жұлдызы күні бүгінге дейін түрлі телебағдарламаларға шақырту алып, басылымдарға сұқбат беріп келеді. Сол кездесулердің арасынан ішкі сырын айтып, тілшілермен ашық дидарласқан​ FourFourTwo басылымына берген сұқбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Бір ойында 23 гол соққаның қаншалықты рас?

-Иә, рас қарсыластарымның ойыны тым нашар деңгейде болды. Ол кезде барлығымыз бесінші сыныпта оқимыз. Ал қарсыластарым тек дене шынықтырып, жүгірумен ғана айналысатын. Өмірімдегі бір ойында осыншама гол соғу мүмкіндігі одан кейін қайталанбады.

Бала кезіңде үлгі тұтып, кумиріңе айналған ойыншылар кімдер болды?

-Менің ағам Ассис, Ривелино, Ромарио, Роналдо, Ривалдо. Бірақ мен үшін олардың үздігі — Диего Марадона болатын. Оның жылдамдығымен қатар допты алып жүруі, дриблингі мені қатты тамсандырды.

1994 және 1998 жылғы Әлем Чемпионатынан алған әсерің қандай?

-1994 жылғы Әлем Чемпионатынан кейін футболшы болуға бел будым. Себебі, бала күнімнен таң атып, күнге батқанға дейін ойымның бәрі жасыл алаң мен жұмыр доп болды. Кәсіпқой ойыншы атанудағы ең қиыны футзалмен қоштасу еді. Недегенімен футбол әлеміндегі алғашқы білімімді осында алдым емес пе. 94-ші жылғы чемпионатта бір ойыншының өзі командаға қандай олжа әкеліп, қаншалықты маңызды рөл атқара алатынын түсіндім. Егер әр ұлттық құрама сапында Ромарио секілді кемінде бір кошбасшы ойыншыдан болғанда Бразилия біраз қиындықтарға тап болар ма еді.

4 жылдан кейінгі футбол додасы кезінде (1998 жылғы Әлем Чемпионаты) 2002 жылғы Әлем Чемпионатында қалай ойын көрсету керектігі жөнінде ойлана бастадым. 1997 жылғы жасөспірімдер арасындағы U-17 ӘЧ жеңіп алу мүмкіндігі бұйырды. Сол жеңістен кейін негізгі құрамға шақырту алып тек теледидар мен суреттерін көріп жүрген аңыз ойыншылармен бірге жаттығу өткізетін болдым. Ол толқуымды сөзбен айтып жету мүмкін емес еді.

2002 жылғы ӘЧ-да Англияға қарсы айып соққысынан салған голың жайлы:Симэннің қақпадан шығып кеткенін байқадың ба?

-Иә, қақпашының қақпа сызығынан шамамен 5 метрге алыстап кеткенін көрдім. Бірақ доптың бағыты мен көздеген нысанға бармады. Дәл сол соққы менің Бразилия сапындағы салған ең үздік голыма айналды. Англияға қарсы ойында гол мен қоса нәтижелі пас беріп, тіпті қызыл қағаз алып алаңнанда қуылдым. Осы жеңістен кейін біздің құраманың финалға шығатынына көпшілік сенді. Себебі, чемпионаттағы фовариттердің басым көпшілігі сайыстан шығып қалған болатын.

Сен алаңнан қуылғаннан кейін Луис Фелипе Сколари саған не деді? Финалда негізгі құрамдағы орныңды жоғалтып аламын деп қорықпадың ба?

-Сколари керісінше маған қолдау білдірді. Спорт саласындағы екінші әкеме айналған адам. Ол мені бала күнімнен, «Гремио» сапында жүргеннен ақ таныды. Сондықтан негізгі құрам туралы қорқыныш тумады. Тек бір ойым, менің негізгі құрамдағы қарсыласым Эдилсон жартылай финалда Түркияға қарсы хет-трик жасап кетпесе екен деген үміт болды.

Nike компаниясымен түскен жарнамаң тез таралып үлгерді. Жарнамадағы допты қақпа маңдайшасына бірнеше рет қатарынан тигізгенің монтаж ба әлде шынайы түсірілген ролик пе?

-Әрине шынайы. Мен бұл жаттығуды әр демалыс сайын ауламдағы жаттығу алаңында қайталап тұрамын.

2003 жылы көпшілік сені қызыл сойқандардың ойыншысы атанады деп сенді. Бірақ МЮ қатарына қосылмай қалуыңның себебі неде?

-Расында «Манчестер Юнайтедпен» келіссөздер аяқталуға жақын болды. 48 сағаттың ішінде Юнайтедтің жейдесін киуімде мүмкін болды. Бірақ сол күні Сандро Россель маған қоңырау шалып:«Мен Барсаның президенті атансам, біздің клубтың қатарына қосыласың ба?»-деді. Мен ойланбастан иә деп жауап бердім. Сол сәтте Россель клуб президентін сайлау барысында жеңіске бір табан жақын тұрды. Осылайша ел күткен трансфер 90 градусқа өзгеріп кетті.

Ағылшындық клубқа Барсаны таңдағанымды айттым. Бұл шешімнің дұрыс екеніне еш күмән келтірмедім. Каталондық клубта бразилиялық ойыншылар құрметке ие. «Барселонадағы» ғажайып күндерді әліде сағынамын. Онда фантасталикалық 5 маусым өткізіп, жанкүйерлердің құрметіне бөлендім. Әр футболшының арманына айналған Алтын Доптыда дәл осы клубтың жейдесінде жеңіп алдым.

2006 жылғы Чемпиондар Лигасынан алған әсерің қандай. 1:0 есебімен жеңіліп жатып, соңғы 15 минутта есепті теңестіреміз деген ой келмегенде шығар?

-Бұл расындада керемет оқиға болды. Алаңға тыңнан шыққан Ларссон өз тәжірибесін көрсетті. Біз оны команданың 12-ші ойыншысы атап кеткенбіз. Жасыл алаңда жеңіліс таппайтынымызға ойыннын бастапқы минуттарынан ақ сенімді болдық. Ол үшін бізге керегі шыдамдылық таныту еді.

-«Барселонамен» қоштасу қаншалықты қиынға соқты? Сен командадан кеткеннен кейін жас Лионель Мессиге ауыр соққаны рас па?

-Уақыт — әр адамның еншісіне бұйырған. Маған берілген уақыт аяқталғанын сезіп, клубтан кетуді дұрыс деп таптым. Мені жаттықтырып, өз білгенімен бөліскен Рикардтың айтуы бойынша «Миланға» ауысуды ойлап жүрдім. Сонымен қатар бірнеше клубтардан ұсыныс түсті, бірақ мен «Миланды» таңдадым. Ал менің Барсадан кеткенім Мессиге кері әсері тигізгені жайлы ақпарат бұл тек қау-өсет. Роналдо маған қалай көмек берген секілді менде Мессиге қолымнан келгенімше көмектесіп, тәжірибеммен бөлістім. Лео өте қарапайым болды. Біз қаланың бір көшесінде тұрғандықтан жасыл алаңнан бөлек оның отбасымен де ара қатынасымыз жақсы болды.

Кездестірген қарсыластарыңның ішіндегі саған қиын тудырған ойыншы кім еді?

Мальдини. Алаңнды өте жақсы көре білетін ойыншы. Оның ойынына қарап таңқалмау мүмкін емес. Әсіресе оған қарсы өнер көрсеткенде.

Эластико сенің сүйікті финтың әлде бізге солай көріне ме? Кімнің техникасы жоғары:Роналдо немесе сен?

-Иә, сүйікті финтым деп ойлаймын. Эластико жасауды футзалдан бастап, үлкен алаңға дейін әкелдім.​ Доппен жаттығу жасағанды ұнатқандықтан физикалық жаттығулардан қарағанда доппен ойнауды жаным сүйді.

Роналдо — менің кумирім. Ол әрдайым менен мықты болды.

Шерхан Абзалұлы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*