ALADOP.KZ
Басты ақпарат Үздіктер Әлем футболы

Табысы ең жоғары әлемдік клубтар тізімі

Deloitte аудиторлық және консалтингтік компаниясы өткен жылдың ең табысы жоғары клубтар тізімін жариялады.

Көш басында 2018-19 жылдары 840.8 млн. еуро табыс тапқан «Барселона» тұр. Екінші сатыға 757.3 миллионы бар «Реал» жайғасты. Айта кетейік, «Барселона» жылдық пайдасын 800 миллионнан асырған алғашқы ұжым.
Ал үшінші орынды 711.5 миллион кірісі бар «Манчестер Юнайтед» түйіндеді.

Жалпы алғашқы 20 орынға Еуропаның 5 чемпионатынының өкілдері жайғасқан. Олардың жиынтық көрсеткіші 9.3 млрд еуро. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11 пайызға жоғары (8,3 миллиард).
Табыс көлемі бойынша Топ-20 клуб (2018-2019):

  1. «Барселона» (Испания) — 840,8 миллион еуро;
  2. «Реал» Мадрид (Испания) — 757,3;
  3. «Манчестер Юнайтед» (Англия) — 711,5;
  4. «Бавария» (Германия) — 660,1
  5. ПСЖ (Франция) — 635,9
  6. «Манчестер Сити» (Англия) — 610,6
  7. «Ливерпуль» (Англия) — 604,7
  8. «Тоттенхэм» (Англия) — 521,1
  9. «Челси» (Англия) — 513,1
  10. «Ювентус» (Италия) — 459,7
  11. «Арсенал» (Англия) — 445,6
  12. «Боруссия» Дортмунд (Германия) — 377,1
  13. «Атлетико» Мадрид (Испания) — 367,6
  14. «Интер» (Италия) — 364,6
  15. «Шальке-04» (Германия) — 324,8
  16. «Рома» (Италия) — 231
  17. «Лион» (Франция) — 220,8
  18. «Вест Хэм» (Англия) — 216,4
  19. «Эвертон» (Англия) — 213
  20. «Наполи» (Италия) — 207,4

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*