ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Басты ақпарат Шолу Үздіктер Әлем футболы

Трансферлік құны қымбат 100 футболшы

CIES Football Observatory зерттеу орталығы өз сайтында әлемдегі трансферлік құны жоғары футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Көш басындағы орнын «ПСЖ» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе сақтап қалды. Француз дәл қазір 265,2 млн. еуроға бағаланып отыр. Ал 2-орында «Манчестер Сити» мен Англия құрамасының сұрмергені Рахим Стерлинг (223,7 млн. еуро), 3-орында «Ливерпуль» мен Египет құрамасының шабуылшысы Мұхаммед Салах (175,1 млн. еуро) тұр.
Бұл рейтингте Лионель Месси («Барселона») мен Криштиану Роналду («Ювентус») кәдімгідей арзандаған. Месси (125,5 млн. еуро) 8-сатыға жайғасса, КриРо (80,3 млн. еуро) 49-орыннан бір-ақ шығыпты.

  1. Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция) – 265,2 млн. еуро
  2. Рахим Стерлинг («Манчестер Сити», Англия) – 223,7 млн. еуро
  3. Мұхаммед Салах («Ливерпуль», Египет) – 175,1 млн. еуро
  4. Джейдон Санчо («Боруссия» Дортмунд, Англия) – 168,9 млн. еуро
  5. Садио Мане («Ливерпуль», Сенегал) – 155,6 млн. евро
  6. Харри Кейн («Тоттенхэм», Англия) – 150,5 млн. еуро
  7. Маркус Рэшфорд («Манчестер Юнайтед», Англия) – 134,3 млн. еуро
  8. Лионель Месси («Барселона», Аргентина) – 125,5 млн. еуро
  9. Антуан Гризманн («Барселона», Франция) – 123,6 млн. еуро
  10. Лаутаро Мартинес («Интер», Аргентина) – 115,7 млн. еуро.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*