ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Шолу Әлем футболы

«Валенсия» өз алаңында «Барселонаны» 14 жылдан кейін жеңді

«Валенсия»-«Барселона» 2:0

Гол авторлары: Альба 48 мин (автогол), М. Гомес 77 мин.

«Месталья» стадионы (45 882 жанкүйер).

Ла Лиганың 21-туры аясында «Валенсия» өз алаңында «Барселонаны» қабылдап, 3 ұпайға қол жеткізді.

Осылайша, Альберт Саладес баптайтын команда Каталон клубын өз алаңында араға 14 жыл салып ұтып отыр. Соңғы рет «Валенсия» 2006-2007 жылы 2:1 есебімен жеңген еді.

Кике Сетьен «Барселона» бас бапкері ретінде 2-ойынында жеңілді. Алғашқы ойында Испания Кубогі жолында түзде «Ибица» командасынан 1:2 басым түсіп еді.

Тағы бір қызықты жайт. 48-минутта Макси Лопестің соққысынан кейін Жорди Альба өз қақпасына гол соғып алды. Opta Sports хабарлауынша, испаниялық қорғаушы «блауграна» жейдесінде 4-рет автогол соғып отыр. Бұл «Барса» тарихындағы ең нашар көрсеткіш.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*