ALADOP.KZ
Басты ақпарат Үздіктер Әлем футболы

Андрес Иньеста «Виссел Кобе» сапында 37-жүлдесін алды

Жапония Суперкубогы жолында «Виссел Кобе» ел чемпионы «Йокогаманы» пенальтилер сериясында ұтты. Негізгі уақыт 3:3 аяқталып, екі ұжым экстра-таймда гол соға алған жоқ. Пенальтилер сериясы 3:2 есебімен «Виссел Кобе» пайдасына аяқталды.

https://twitter.com/J_League/status/1226038729761947650?s=20
https://twitter.com/J_League/status/1226040603206549505?s=20

Команда капитаны «Барселонаның» аңызға айналған ойыншысы Адрес Иньеста толық ойын өткізіп, пенальтилер сериясында гол салды. Осылайша, 35 жастағы жартылай қорғаушы карьерасындағы 37-жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұл көрсеткіш бойынша 40 жүлде жеңген бұрынғы командаласы, бразилиялық Дани Алвеске жол беріп тұр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*