ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Трибуна

Англияда VAR жүйесі өзгеріске ұшырауы мүмкін

Ағылшын премьер-лигасындағы клубтар VAR бейнеқайталау жүйесіне келесі маусымнан бастап өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Бұл жайында лиганың жаңа бас директоры Ричард Мастерс мәлімдеді. Ол офсайд ережесіне қатысты «сәл шыдамды» болуы керек деп есептейді. Яғни, футболшының ойыннан тыс қалған сәтіне қатысты ережеге толықтырулар енуі мүмкін. Дәлірек айтар болсақ, қайталау кезінде ойыннан тыс қалу 10-15 сантиметрден асқан жағдайда ғана есепке алынуы керек деген ұсыныс бар.

Себебі, сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің 67 пайызы VAR-дың Ағылшын премьер-лигасына теріс әсер еткенін айтады. Бейнеқайталау жүйесі рейтингте өте төмен нәтиже көрсеткен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*